Байқауының Ережесі / Правила Конкурса

«Ертегіні бірге салайық»
Республикалық балалар суреті байқауының
ережесі

1. Жалпы қағида

1.1. Аталған ережелер «Ертегіні бірге салайық» республикалық балалар суреті байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін жүйелейді (әрі қарай – Байқау).
1.2. Байқауды «Ғылыми-медициналық қоғам» қоғамдық бірлестігі мен «Вакцинология» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып жатыр (әрі қарай – Ұйымдастырушылар).
1.3. Байқау вакцинация туралы ертегі желісімен құрылған үздік балалар суретін іріктеу мақсатында ұйымдастырылуда.
1.4. Байқау бүлдіршіндерге осы арқылы балаларға арналған ертегі кітаптардың көбеюіне үлес қосып, балалардың және олардың ата-аналарының адам өміріне қауіпті микроағзалар туралы білуіне әрі иммунопрофилактиканың аталған микроағзалардан қорғайтын қажетті шара екенін түсінуіне жол ашпақ.
1.5. Байқау туралы ақпар, вакцинация жайлы ертегі кітаптардың тақырыптары мен мәтіндерін, бұдан сырт байқау ережелерін Ұйымдастырушы тарап http://konkurs.nmo.kz сайтында орналастырған. Аталған сайт байқаудың ресми сайты болып табылады (әрі қарай – Байқаудың сайты).
1.6. Байқау Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін қамтиды, қатысушыларға сурет салу қабілетіне қатысты талап қойылмайды.
1.7. Байқаудың лотореяға қатысы жоқтығын ескертеміз әрі белгілі бір тауарды немесе қызметті жарнамалау мақсатында өткізілмейді.
1.8. Байқауға қатысу үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.


2. Байқауды өткізу мерзімі:

2.1. Байқау 2017 жылдың 1 маусымынан бастап 2017 жылдың 22 тамызына дейінгі аралықта өткізіледі әрі келесі кезеңдерді қамтиды:

  • 2017 жылдың 1-ші маусымы мен 15-ші тамызы аралығында байқауға қатысатын жұмыстар қабылданады;
  • 2017 жылдың 16-20 тамызы http://konkurs.nmo.kz/all сайтында онлайн негізде дауыс беру жүргізіледі;
  • 2017 жылдың 16-20 тамызы – әділ қазылар жұмысы;
  • 2017 жылдың 22-ші тамызында – байқаудың қорытындысы шығады.

2.2. Вакцинация туралы ертегі-кітаптың тұсаукесері мен жеңізпаздарды марапаттау шарасы 2017 жылдың 21 қазанында «Сену және өмір сүру» дәстүрлі әлеуметтік-медициналық форумы аясында өткізіледі.


3. Байқауға қатысудың талаптары

3.1. Байқауға 3 пен 8 жас аралығындағы Қазақстан Республикасында тұратын барлық бала қатыса алады.
3.2. Байқауға қатысу үшін өз қолымен немесе ата-анасының (заңды өкілдердің) көмегімен төмендегі талап-шарттарды толтыру керек:
- Өз қолымен бір парақ қағазға байқау тақырыбына сай келетін сурет салу;
- Суретті фотоға немесе сканерге түсіріп konkurs@nmo.kz электронды мекенжайына жолдау;
- Байқауға қатысу үшін әрбір үміткер ертегі-кітаптың тақырыптары бойынша тек 1 (бір) ғана сурет жолдай алады; тұтастай алғанда әрбір қатысушы жалпы саны 5 суретке дейін (ертегі кітаптың тақырыбына қатысты бір-біреуден) жолдайтын мүмкіндігі бар;
- Байқауға жіберілген әрбір суреттің ертегі кітаптың қай тақырыбына қатысты екені атап көрсетіліп, сурет авторының Аты-Жөні, жасы, ата-анасының аты-жөні (заңды өкілдер) және тұрғылықты мекен-жайы жазылуы тиіс.
3.3. Ата-аналар (заңды өкілдер) байқау қатысушыларына ертегі кітаптың мәтінін оқуға, сюжеті желісі мен кейіпкерлер тауып беруге көмектесе алады. Алайда байқау қатысушылары суретті өз қолдарымен салуы тиіс.
3.4. Байқауға арналған суреттер сурет авторлары мен олардың ата-аналарының (заңды өкілдер) атынан қабылданады.
3.5. Байқауға өз қолымен салған суретін жібере отыра қатысушылар ұйымдастырушылардың бұл суреттерді міндетті түрде автордың аты-жөні көрсетілген жағдайда Байқау аясында пайдалануына келісімін береді.
3.6. Ертегі кітап дайын болғаннан кейін суреттерді қолдану құқығы байқау ұйымдастырушыларына тиесілі болады. Ұйымдастырушылар сонымен қатар ертегі кітаптың иесі ретінде танылады.
3.7. Байқауға өз жұмысын жібере отыра әрбір қатысушы Байқаудың талап-шарттарымен толықтай келіседі деген сөз.
3.8. Байқауға шараны ұйымдастырушыларға ықпал етуі мүмкін тараптар қатыспайды.


4. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

4.1. Сурет байқау тақырыбына сай болуы тиіс.
4.2. Сурет келесідей техникалық талаптарға сай болуы қажет:
- А4 форматындағы ақ парақта салынған;
- Сапасы жақсы, фотоға немесе түрлі-түсті сканерге түсірілген болуы тиіс. Мұндай жағдайда байқау жұмысын графикалық өңдеуден өткізудің қажеті болмайды;
- Суреттің жүктелген көлемі - 10 МБ-тан аспауы тиіс;
- Суретті - JPG, GIF, PNG форматында жолдау қажет.
4.3. Суреттер Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбауы, атап айтқанда жалпықоғамдық қағидалар мен ұстанымдарға қайшы келмеуі және белгілі бір тауар немесе затты қолдану туралы жарнамалық-ақпараттық мазмұндағы дүние болмауы тиіс.
4.4. Ұйымдастырушылар қатысушыны келесідей жағдайда байқаудан алып тастауға қақысы бар:
- Байқауға суреттен өзге дүние жіберілсе;
- Сурет байқау ережесінің 4.1 және 4.3 талаптарына сай келмесе;
- Сурет фотоға нашар түсірілсе (тым бұлыңғыр немесе дұрыс бұрыштан түсірілмеген), бұл өз кезегінде суретті графикалық өңдеуден өткізуге мүмкіндік бермейді.
4.5. Егер сурет фотоға немесе сканерге дұрыс түсірілмесе (тым бұлыңғыр немесе дұрыс бұрыштан түсірілмеген) ұйымдастырушылар байқауға қатысу туралы өтінішті қабылдамауға құқылы.


5. Дауыс беру, байқаудың ақтық сынына шыққандар мен жеңімпаздарды анықтау және жариялау тәртібі

5.1. Дауыс беру байқаудың ресми сайтында жүргізіледі. Дауыс беруге байқаудың ресми сайтының қолданушылары қатысады.
5.2. Дауыс беру ертегі кітаптың 5 (бес) тақырыбы бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
5.3. Әрбір дауыс беруші (ІР мекенжай иесі) байқаудың сайтында жарияланған кез-келген суретке бір рет дауыс бере алады.
5.4. Дауыс берудің қорытындысы жиналған дауыс санына сай автоматты түрде есептеледі.
5.5. Ертегі кітаптың әрбір тақырыбы бойынша суреттері сайт қолданушыларының және байқаудың әділ қазылары тарапынан мейлінше көп дауыс жинаған қатысушылар байқау жеңімпаздары болып танылады.
5.6. Байқау ережесінің 2.1 тармағында атап көрсетілген мерзімде байқау ұйымдастырушылары жарыс жеңімпаздарын жариялап, олар туралы ақпарды байқаудың ресми сайтына орналастырады.
5.7. Байқау қорытындысы жарияланғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде ұйымдастырушалыр байқау жеңімпаздарына жарыста жеңіске жеткендері жөнінде электронды пошталарына хабарлама жібереді. Ескертеміз, хабарлама тек бір рет жіберіледі.
5.8. Байқау қатысушылары жарыс қорытындысымен байқаудың ресми сайтында толықтай таныса алады.
5.9. Байқау нәтижесі біржолғы және қайта қаралмайды.
5.10. Байқау жеңімпаздарының суреттері вакцинация туралы ертегі кітап жинағында қолданылады.

 


 

Правила
Республиканского Конкурса детских рисунков
«Давай нарисуем сказку»

1. Общие положения

1.1. Настоящие Правила регламентируют порядок организации и условия проведения Республиканского Конкурса детских рисунков «Давай нарисуем сказку» (далее – Конкурс).
1.2. Организаторами Конкурса являются Общественное объединение «Научно-медицинское общество» и Общественное объединение «Вакцинология». (далее – Организаторы).
1.3. Конкурс проводится с целью отбора лучших детских рисунков, основанных на сюжете сказки о вакцинации.
1.4. Конкурс дает возможность детям внести свой вклад в издание детской книги-сказки и способствует улучшению знаний детей и их родителей о том, что существует опасные для здоровья и жизни микроорганизмы и что иммунопрофилактика является необходимым средством защиты от них.
1.5. Информация о Конкурсе, темы и текст книги-сказки о вакцинации, в том числе настоящие Правила, размещаются Организаторами Конкурса на сайте в сети «Интернет» по адресу: http://konkurs.nmo.kz, который является официальным сайтом Конкурса (далее – Сайт Конкурса).
1.6. Конкурс проводится на всей территории Республики Казахстан без предварительной квалификации участников.
1.7. Конкурс не является лотереей, не проводится в целях рекламы товаров, работ, услуг.
1.8. За участие в Конкурсе плата не взимается.


2. Срок проведения Конкурса:

2.1. Конкурс проводится в период с 1 июня 2017 г. по 22 августа 2017 г. и включает в себя следующие этапы:

  • с 1 июня по 15 августа 2017 года - cбор конкурсных работ;
  • с 16 августа по 20 августа 2017 года - онлайн-голосование на сайте по адресу http://konkurs.nmo.kz/all
  • 2017 года – работа Жюри Конкурса;
  • 22 августа 2017 года – подведение итогов Конкурса.

2.2. Презентация книги-сказки о вакцинации и награждение победителей состоится во время Ежегодного Социально-медицинского Форума «Верить и жить» 21 октября 2017 года.


3. Условия участия в Конкурсе

3.1. Участником Конкурса может являться любой ребенок с 3 лет до 8 лет, проживающий на территории Республики Казахстан.
3.2. Для участия в Конкурсе необходимо самостоятельно и/или с помощью родителей (законных представителей):
- от руки нарисовать на листе бумаги рисунок, соответствующий тематике Конкурса,
- сфотографировать или отсканировать рисунок, и отправить его электронный адрес: konkurs@nmo.kz,
- для участия в Конкурсе участник Конкурса может предоставить только 1 (Один) рисунок по каждой теме книги-сказки; всего участник может прислать до 5 иллюстраций (по одной на каждую тему книги-сказки),
- каждый представленный на Конкурс рисунок должен иметь описание к какой теме книги-сказки относится, Фамилию и Имя автора иллюстрации, возраст, ФИО родителей (законных представителей), населенный пункт проживания.
3.3. Родители (законные представители) могут помочь участникам Конкурса в чтении текста книги-сказки, идеей в создании персонажей и сюжета, но рисовать участники Конкурса должны самостоятельно.
3.4. Рисунки на Конкурс принимаются как от самих авторов рисунков, так и от их родителей (законных представителей).
3.5. Присылая иллюстрации на Конкурс, участники соглашаются с тем, что организаторы вправе использовать работы в соответствии с целями Конкурса, при условии обязательного указания авторства.
3.6. После создания книги-сказки все права на рисунки будут переданы организаторам конкурса. Организаторы также являются обладателями прав на книгу-сказку.
3.7. Отправка конкурсной работы является полным и безоговорочным согласием участника Конкурса с настоящими Правилами Конкурса.
3.8. К участию не допускаются лица, аффилированные к организаторам Конкурса.


4. Требования к конкурсным работам

4.1. Рисунок должен соответствовать тематике Конкурса.
4.2. Рисунок должен соответствовать следующим техническим требованиям:
- выполнен на листе белой бумаги формата А4,
- быть хорошего качества, хорошо сфотографирован/отсканирован (в цвете), что позволяет размещать его без существенной графической переработки,
- максимальный размер файла с рисунком - 10 МБ;
- формат файла с рисунком - JPG, GIF, PNG.
4.3. Рисунки не должны нарушать действующее законодательство Республики Казахстан и не должны содержать информацию, противоречащую принятым общественным нормам гуманности и морали, а также не должны содержать в себе информацию и изображения рекламного характера, призывающие воспользоваться теми или иными товарами и услугами.
4.4. Организаторы имеют право отказать в участии в Конкурсе, если:
- на Конкурс представлен не рисунок;
- рисунок не соответствует требованиям, предусмотренным в п.п. 4.1. - 4.3. настоящих Правил;
- рисунок плохо сфотографирован (очень темный, под большим углом и пр.), что не позволяет размещать его без существенной графической переработки.
4.5. В случае если рисунок плохо сфотографирован/отсканирован (очень темный, под большим углом и пр.) Организаторы имеют право отклонить заявку на этом основании.


5. Порядок голосования, определения и объявления финалистов и победителей Конкурса

5.1. Голосование проходит на Сайте Конкурса. В голосовании принимают участие пользователи Сайта Конкурса.
5.2. Голосование проходит по 5 (пяти) темам книги-сказки отдельно.
5.3. Каждый голосующий (владелец IP-адреса) может голосовать один раз за любой рисунок, опубликованный на Сайте Конкурса.
5.4. Итоги голосования подводятся автоматически по количеству набранных голосов.
5.5. Победителями Конкурса признаются участники, чьи рисунки получили наибольшее количество голосов в каждой из тем книги-сказки и по итогам работы жюри Конкурса.
5.6. В дату, указанную в пункте 2.1. настоящих Правил, Организаторы объявляют победителей Конкурса, размещая информацию на Сайте Конкурса.
5.7. В течение 5 (Пяти) рабочих дней после объявления итогов Конкурса на Сайте Конкурса, Организаторы направляют победителям Конкурса уведомление о победе в Конкурсе на адрес электронной почты, указанный при отправке конкурсной работы. Уведомление высылается один раз.
5.8. Участники Конкурса имеют возможность самостоятельно ознакомиться с итогами Конкурса на Сайте Конкурса.
5.9. Итоги Конкурса являются окончательными и не подлежат пересмотру.
5.10. Рисунки победителей Конкурса будут использованы для издания книга-сказки о вакцинации.